logo

Милич Чурчич: Бізді алда көп жұмыс күтіп отыр

Милич Чурчич: Бізді алда көп жұмыс күтіп отыр

Костанайлық «Тобыл» клубының бас бапкері Милич Чурчич Қазақстан Кубогының ширек финалында «Астанамен» өткізген ойынды (1:0) пікірледі, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Қарсыласты жақсы ойынмен құттықтағым келеді. Сондай-ақ, осы ойында бізге көмектескен жанкүйерлерімізді де құттықтаймын. Оларға үлкен рахмет! Бұл ойын алға қарай жасалған қадам деп үміттенеміз. Бізге көп жұмыс істеу керек, әсіресе гол соққанда, кейде екінші голды соға алмай жатамыз. Бүгін де солай болды. Неге екенін білмеймін. Мүмкін бұл футболшының психологиясы шығар, бірақ біз бәрін талқылаймыз, ойынның сапасы бар. Әрине, одан да жақсы болуы мүмкін еді, бірақ өкінішке орай, гол соға алмаймыз. Бұл ойынды ертерек шешуіміз керек еді. Содан кейін қарсылас жақсы мүмкіндіктерге ие болды. Жалпы, жақсы қызықты ойын болды. «Астанамен» болған алдыңғы ойында 2:2 аяқталып, көп мүмкіндіктер болып еді. Футболшыларыма рахмет, олар үлкен ынтамен ойнады. Иә, кейбіреулері әлі жасанды алаңға бейімделмеген, жарақаттар да бар. Жалпы көп проблемалар бар, бірақ біз шыдамдылық танытып, тырысамыз».

Енді «Тобыл» жарыстың жартылай финалында «Атыраумен» кездесетін болады.