logo

Итальян шабуылшысы «Тобылға» үш ұпай алуға көмектесті (видео)

Итальян шабуылшысы «Тобылға» үш ұпай алуға көмектесті (видео)

Футболдан Olimpbet QFL Қазақстан чемпионатының 7-туры аясында қостанайлық «Тобыл» мен талдықорғандық «Жетісу» ойнады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Ойынның тағдыры кездесудің 7-минутында «Тобылдың» итальян шабуылшысы Голдберг Купер соққан голдың арқасында шешілді. Әр қарай ойын қарқынды болды, командалар қорғаныста отырып қалмай, көп шабуылдады, бірақ бұл кездесуде бір голдан артық соғылмады.

Осы ойыннан кейін «Тобыл» чемпионатта көш бастауды жалғастыруда. Милич Чурчич баптайтын команданың еншісінде 12 ұпай бар. Талдықорғандық ұжым 10 ұпаймен 6-орында түсіп кетті.