Магомед Адиев Тагыбергенді Грекияға қарсы неге шығармағанын түсіндірді
Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев команда капитаны Асхат Тағыбергенді қосалқы құрамда қалдырғаны туралы айтты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Ол жарақат алды, жиындағы бірінші аптаны өткізіп алды. Түркіменстанмен болған ойында тек 10 минутқа шықты. Келесі циклды өткізіп, оның төмен формада екендігі түсінікті болды. Біз оны 20-30 минутқа шығаруға дайындадық, ол пайдасын тигізу керек еді, бірақ бір нәрсені жоспарлап отырғанымен, ойын басқаша өрбіді», - деді бапкер.