Магомед Адиев: Қазір шын бақыттымын!
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев өзінің жұмысы жайында айтты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Дәл қазір өз орнымды таптым деп ойлаймын. Мен шын бақыттымын. Ұлттық құраманы жаттықтыру кез келген бапкер үшін ең жоғары дәреже. Ал қолдан келсе команданы жоғары деңгейге шығарсаң. Алла нәсіп етіп солай болса екен. Еуропа чемпионатына шықсақ: «Болды, өз бапкерлік мансабымда міндетімді толық атқардым» деп айтар едім. Бұдан артық не керек? Тіпті одан кейін жұмысты да қоюға болады. Ірі турнирлерде ел абыройын қорғау, атақты бапкерлерге мен ойыншыларға қарсы ойнау ғажап сезім, сөзбен жеткізу мүмкін емес», – деді Адиев.