logo

Магомед Адиев Люксембургқа қарсы матчқа құрамды таңдау туралы: Мен құрамды қайта жүктедім, бірнеше жаңа есімдер болады

Магомед Адиев Люксембургқа қарсы матчқа құрамды таңдау туралы: Мен құрамды қайта жүктедім, бірнеше жаңа есімдер болады

Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Люксембург құрамасына қарсы матчқа шығатын негізгі құрам туралы айтты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Кеше біз Ситаломен (ұлттық құрамада қақпашылар бапкері) ұзақ сөйлестік, Шацкийді ауыстыратын футболшыларды ертең шығуға мүмкіндік беру мағынасы бар ма деген мәселені талқыладық. Мен құрамды қайта жүктедім, алдыңғы матч намыс пен психологияға қатты соққы берді және негізгі құрамды жаңарту керек. Грекиямен салыстырғанда бірнеше жаңа есімдер болады. Қақпашыға келетін болсақ, біз Шацкийдің қалыпты психологиялық күйде екендігімен келістік, біз оның өткен матчта қателіктерін көрмедік, гол соғылған сәттерде қақпаны құтқару қиын болды. Сол себепті ол ертең бірінші минуттан шығады», - деді бапкер.  



Күн шежіресі