logo
Live

Ислам Чесноков Люксембургқа қарсы матчы туралы: Жанкүйерлеріміз алдында ақталу парыз

Ислам Чесноков Люксембургқа қарсы матчы туралы: Жанкүйерлеріміз алдында ақталу парыз

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ислам Чесноков Люксембург құрамасына қарсы матч туралы пікірмен бөлісті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Ірі турнирде ұлттық құрамада ойнау кез-келген футболшының арманы, сол себепті Грекиядан кейін қатты көңіліміз қалды. Бірақ ертең жаңа ойын, біз өзіміздің және жанкүйерлеріміздің алдында ақталуымыз парыз. Ертең шығып, жақсы футбол көрсетуге әркімнің ынтасы жеткілікті», - деді ұлттық құраманың ойыншысы.