«Ливерпуль» футболшысы Қазақстан құрамасын қолдады
Ағылшындық «Ливерпуль» мен Грекия құрамасының қорғаушысы Константинос Цимикас Meta-ratings.kz тілшісіне берген сұхбатында Қазақстан құрамасымен ойын туралы айтты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Шынымды айтсам, біз Қазақстан бес допты жіберіп алады деп күткен жоқпыз. Бұл матчта барлық ойыншылар 100% берілді. Біз пенальтитен ерте гол соғу арқылы бес доп соға алдық. Есепке қарамастан Қазақстан соңғысына дейін тырысты. Мен оларды аядым», - деді Цимикас.
УЕФА Ұлттар лигасының жартылай финалында Қазақстан құрамасы Грекиядан 0:5 есебімен жеңіліп қалды. Ойын Афинада (Греция) өтті.