Леонел Струмия: Біз клуб үшін бұл ойынның қаншалықты маңызды екенін түсінеміз
«Ақтөбе» жартылай қорғаушысы Леонел Струмия Конференциялар лигасының аясындағы босниялық «Сараево» командасына қарсы жауапты матч туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan:
«Біріншіден, біз алдыңғы ойында қай жерде қателескенімізді түсіндік. Осы матчқа дайындалуға бір апта уақыт болды. Біз бұл ойынның клуб үшін қаншалықты маңызды екенін түсінеміз, сондықтан осы ойынды жеңу үшін бар күшімізді саламыз, біз ойынға дайынбыз».
Естеріңізге сала кетейік, бірінші матчта «Ақтөбе» өз алаңында «Сараевоға» 0:1 есебімен жеңілген болатын.