«Ақтөбе» командасының бас бапкері Дмитрий Парфенов Конференциялар лигасының іріктеу кезеңінде «Сараевомен» өтетін жауапты матч туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan:
«Бізді оңай матч күтпейді, біз бірінші ойынға да мұқият дайындалдық. Қожайындардың кішігірім артықшылығы болады, бірақ егер есеп 0:0 болса да, бізге бәрібір гол соғу керек еді. Біз жақсылап дайындаламыз»
Естеріңізге сала кетейік, бірінші матчта «Ақтөбе» өз алаңында «Сараевоға» 0:1 есебімен жеңілген болатын.