Күрестен Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында екі медаль жеңіп алды
Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен 17 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем біріншілігінде Қазақстан қоржыны екі медальмен толықты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Әйелдер күресінен 57 келіге дейінгі салмақта Анна Стратан қола медаль жеңіп алды. Стратан кіші финалда грекиялық Мэйри Маниден 5:1 есебімен басым түсті.
65 келі салмақ дәрежесінде Ұлдана Тілеухан үздік үштікке енді. Қола медаль үшін өткен белдесуде Ұлдана нейтралды атлет Анастасия Команаваны 17:2 есебімен жеңді.
Айта кетелік, бұған дейін грек-рим күресінің өкілдері 2 күміс медаль олжалаған болатын.