Әлем чемпионаты: грек-рим күресінен екі қазақстандық балуан күміс алды
Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем біріншілігінде қазақстандық балуандар екі күміс медаль алды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Грек-рим күресінен Алпамыс Болатұлы (51 келі) финалда америкалық Джэйден Рэйниден 5:7 есебімен жеңіліп, күміс медаль иеленді.
Сондай-ақ Еркебұлан Анапия (80 келі) финалда нейтралды спортшы Михаил Шкаринге 0:3 есебімен жол беріп, екінші орынға жайғасты.
Ал 48 келіде қола медальға таласқан Едіге Төлеутаев 1:3 есебімен әзербайжандық Амрах Амраховтан жеңіліп, жүлдеден тыс қалды.