Еркін күрестен жастар құрамасы Азия чемпионатында үш қола иеленді
17 және 23 жасқа дейінгі балуандар арасында Иорданияның Хашимит қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия біріншілігін ел спортшылар үш жүлде еншіледі, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Аға жаттықтырушылар Дәулет Ниязбеков пен Расул Қалиев бастап апарған еркін күрес шеберлерінің еншісінде әзірге үш қола медаль бар. Олардың ішінде Әмір Оразбаев, Ерғали Бейбарыс және Бақдәулет Әкімжанов өз салмақтарында үздік үштікке еніп, әлеуетін көрсетті.
65 келіде Бағдәулет Әкімжанов бұл сында жартылай финалға дейін жетті. Финалға шығар сында ол қырғыз спортшысына есе жіберіп, қола жүлде үшін күресуге мүмкіндік алды. Үшінші орын үшін белдесуде ол Ирак балуаны Ахмед Миранды 12:2 есебімен ұтты.
Ал 71 келіде Әмір Оразбаев жарысты ширек финалда бастап, бірінші белдесуінде оңтүстіккореялық Йонг Чинді 10:0 нәтижесімен қапыда қалдырды. Ал жартылай финалда үнді балуанына 7:3 есебімен ұтылып, қола үшін күресте Қырғызстан өкілі Әділ Табылдиевті 8:7 ұпайымен артта қалдырды.
80 келіде Бейбарыс Ерғали ширек финалда Оңтүстік Корея балуаны Йечан Кимді 10:3 ұпайымен ұтып, жартылай финалда Өзбекстан балуанынан 4:2 нәтижесімен жеңісті уысынан шығарып алды. Ал қола үшін күресте үнді спортшысынан 6:4 көрсеткішімен басым түсті.
Бұған дейін грек-рим күресінің шеберлері Азия біріншілігін жалпы есепте үшінші орынмен аяқтаған болатын.