Кұламбаева Аргентинадағы турнирдің ширек финалына шықты
Жібек Құламбаева италиялық Николь Фосса Уергомен жұптасып, Аргентинадағы Пилар қаласында өтіп жатқан ITF W50 турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Алғашқы айналымда олар жергілікті Карла Маркус пен Лучиана Мояно жұбын 6:4, 7:6 есебімен жеңді.
25 қыркүйекте Жібек жекелей сайыста чилилік Фернанда Лабранаға қарсы ойынын бастайды.