Ломакин Мысырдағы турнирдің ширек финалына шықты
Қазақстандық Григорий Ломакин ресейлік Никита Янинмен бірге Мысырдың Шарм Эль-Шейх қаласында өткен ITF M15 жұптық турниріне сәтті бастама жасады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Алғашқы матчта қазақстандық-ресейлік дуэт кувейттік Хусейн Алшати мен Якуб Мохаммед жұбын 6:1, 7:6 есебімен жеңді.
Жекелей сында Ломакин италиялық Стефано Д'Агостиноға қарсы ойнайды.
Григорий жақында ғана Қазақстан чемпионатында жеңіске жеткен болатын.