logo

Криштиану Роналду Кубок финалындағы жеңілістен кейін тоқтаусыз жылады

Криштиану Роналду Кубок финалындағы жеңілістен кейін тоқтаусыз жылады

Король кубогінің финалында «Әл-Наср» басты қарсыласы «Әл-Хилалдан» жеңіліп қалды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Матчтан кейін «Әл-Насрдың» шабуылшысы Криштиану Роналду көз жасына ерік беріп, ұзақ уақыт жылады.

Ойынның негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталған болатын. Матчтан кейінгі пенальтиде «Әл-Хилалдың» жолы болды, есеп – 5:4.

Төрешінің соңғы ысқырығынан кейін 39 жастағы португалдық шабуылшы жерге жатып ұзақ уақыт жылады. Оны командаластары жұбатпақ болғанымен, бұл әрекеттерінен түк шыққан жоқ.

Роналдудың жылауына басты себеп – даңқты футболшы Сауд Арабиясына ауысып келгелі бері мүлдем трофей жеңген жоқ. Ел чемпионатында биыл «Әл-Хилал» чемпион болды.

Азия Чемпиондар лигасында да Роналдудың командасы сәтсіз өнер көрсетті.