Игорь Шацкий «Тұранға» қарсы ойын туралы: Жасыл алаң кім күшті екенін көрсетеді
Қазақстан ұлттық құрамасымен мен «Ақтөбе» командасының қақпашысы Игорь Шацкий Sport Plus Qazaqstan сайтына берген сұхбатында ақтөбелік команданың ойыны туралы сұраққа жауап беріп, жанкүйерлердің қолдауына баға берді және «Тұранға« қарсы ойын туралы пікір бөлісті.
- Игорь, «Ақтөбе» чемпионатта жақсы ойын көрсете бастады. Команда өз ойнында тепе-теңдік тапты деп айта аламыз ба?
- Иә, біз жақсы ойнай бастадық. Бірақ, менің ойымша, тамаша тепе-теңдік үшін әлі де уақыт пен көп жұмыс қажет. Бұл үшін бапкерлер штабы күндіз-түні жұмыс істейді. Барлығы енді басталды. Алда көптеген матчтар мен жұмыс бар.
- Ақтөбедегі стадионда атсомфера туралы айтып өтсеңіз. Бұл атмосфераны ұлттық құраманың ойындарындағы қолдаумен салыстыруға бола ма?
- Ақтөбеде атмосфера мен қолдау керемет. Мұнда барлық қарсыластарға ойнау оңай емес. Жанкүйерлер мен фанаттар бізге көп күш береді, бұл үшін біз оларға ризамыз. Команда оларды жақсы ойынмен және оң нәтижемен қуантуға тырысады.
- Алда «Тұранмен» ойын бар. Қарсыластың ойынында нені атап өтуге болады? Олар қиындық тудыруы мүмкін бе?
- «Тұран» — қызық бапкері бар қызықты команда. Біз оларды құрметтейміз. Менің ойымша, қазір лигадағы әрбір команда қарсыласқа қиындық тудыруы мүмкін, бұл тізімге «Тұран» да кіреді. Біз тәртіпті ойнап, жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін бар күшімізді салуымыз керек. Тек ойын мен жасыл алаң кім күшті екенін көрсетеді.
«Тұран» - «Ақтөбе» ойыны 2 маусымда сағат 19:00 басталады. Аталмыш кездесуді Sport Plus Qazaqstan телеранасынан, сонымен қатар sportplustv.kz сайтынан тікелей эфирде көруге болады.