29 тамыз: Қазақстандық спортшылардың Паралимпиадада өнер көрсету кестесі
29 тамыз - Париждегі Паралимпиададағы алғашқы жарыс күні, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Бұл күні қазақстандықтар екі дисциплина бойынша өнер көрсетеді.
Паратаэквондо К44 (бір немесе екі аяқ-қолы зақымдалған) санатында 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Милан Красавцева бәсекеге түседі.
Ал кешке Паралимпиададағы 16 жылдағы алғашқы матчты біздің параволейбол командасы ойнайды.