Көрермендер алдында ақталу? Бенфика – Эштрела матчының тікелей трансляциясы
Жозе Моуриньо баптайтын «Бенфика» соңғы 4 матчтың тек біреуінде ғана жеңіске жетіп, Лига кубогында «Брагаға», Португалия кубогында «Портуға» және Чемпиондар лигасында «Ювентуске» есе жіберді.
Енді «қырандарды» чемпионат аясында турнир кестесінің орта тұсында келе жатқан «Эштреламен» ойын күтіп тұр. Қонақтар да бұл кездесуге үш матч қатарынан жеңіссіз сериямен келіп отыр.
«Ерекше» атанған маманның шәкірттері өз жанкүйерлері алдында абыройын қайтара ала ма?
Мұны 25 қаңтар күні сағат 23:00–де білетін боламыз.
Тікелей трансляция sportplustv.kz сайтында қолжетімді болады.