Чемпиондар Лигасы үшін шайқас: Фенербахче – Гезтепе матчының тікелей эфирі
Түркия Суперлигасының 19-турының орталық ойыны Ыстамбұлда өтеді. Турнир кестесінде 2-орында келе жатқан «Фенербахче» 4-сатыдағы «Гезтепені» қабылдайды.
Алаң иелері бірқатар жеңістер сериясымен келіп, Түркия Суперкубогы үшін өткен матчта «Галатасарайды» жеңген еді, алайда апта ортасында Еуропа лигасында «Астон Виллаға» жол берді.
Стоилов баптайтын «Гезтепе» де қазір үш матч қатарынан жеңіске жетіп отыр. «Фенербахчені» жеңген жағдайда қонақтар Чемпиондар лигасы аймағынан қалып келе жатқан айырмашылықты қысқарта алады.
Ал ыстамбұлдықтарға «Галатасарайды» қуып жету үшін міндетті түрде жеңіс қажет. «Фенербахче» үшін жағдайды қиындатып отырған жайт — шабуылдағы көшбасшылардың бірі Юсуф Эн-Насиридің италиялық «Ювентусқа» жалға кетуі.
Матч 25 қаңтар күні сағат 22:00–де өтеді. Тікелей эфир Sport+ телеарнасында және sportplustv.kz сайтында көрсетіледі.