Француздық футболшы «Тобылмен» келісімшартты ұзартты
Қостанайлық «Тобыл» 27 жастағы француз қорғаушысы Пап-Альюн Ндиайемен келісімшартты ұзартқанын жариялады, деп хабарлайды Sport+ клубтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Француз қорғаушысы «Тобылға» 2024 жылдың ақпанында қосылған. Қостанай клубында өткізген 55 матчында ол бір гол соғып, бір нәтижелі пас жасады.