Конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасы Жапонияда жүлделі болды
Жапонияның Хачинохе қаласында конькимен жүгіру спортынан Төрт құрлық чемпионаты басталды. Қазақстан құрамасы алғашқы медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz cайтына сілтеме жасай отырып.
Біздің құрама алғашқы жүлдені әйелдер арасындағы командалық жарыста жеңіп алды.
Қазақстандық спортшылар бағдарламаның осы түрінен үшінші нәтижеге қол жеткізді. Ал, бірінші орынды Канада, ал екінші орынды Оңтүстік Корея иеленді.