logo

Фристайл-могул құрамасы Австрияда алты жүлде еншіледі

Фристайл-могул құрамасы Австрияда алты жүлде еншіледі

Қазақстанның фристайл-могул командасы Австрияның Хинтертукс тау шаңғысы курортында өткен FIS Open халықаралық турнирінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Біздің спортшылар маусымның алғашқы кезеңінде алты медаль жеңіп алды, оның төртеуі – алтын.

Павел Колмаков могул және параллельді могулда топ жарса, Анастасия Городкода могул мен параллельді могулда алтын жүлдеге ие болды. Сонымен қатар Аяулым Әмренова могулда екінші болып келсе, Антон Бондарев могул бойынша үшінші болып мәреге жетті.



Күн шежіресі