logo

Кирилл Ляпунов: Бүкіл елге ойнай алатынымызды көрсеттік

Кирилл Ляпунов: Бүкіл елге ойнай алатынымызды көрсеттік

Хоккейден Қазақстан жастар құрамасы өткен түнде 2:4 есебімен жеңіліп жатып, бес минуттық айып уақытын алғанына қарамастан, таразы басын теңестірді. Словакиямен матчты овертаймға ұластырған Кирилл Ляпунов BasSport.kz тілшісіне сұхбатта ойын туралы пікірін білдірді, деп хабарлайды Sport+

«Бүкіл елге ойнай алатынымызды көрсеттік, қолымыздан келді. Командаға, бапкерлер штабына бүгінгі ойын үшін рақмет айтқым келеді. Бәрі барын салды. Бірінші кезеңді нашар өткіздік, алайда әрі қарай нағыз командалық ойын өрнегін көрсеттік. Кез келген командаға қарсы ойнай алатынымызды дәлелдедік.

Бастысы командалық ойын болды. Бәріміз бір бүтіндей айдынға шығып, бір-бірімізге қолдау көрсеттік, ешкім негатив көрсеткен жоқ. Осының арқасында осындай нәтижеге жеттік. Бұдан да жақсы өнер көрсете алатын едік, алайда сәл жетпей қалды.

Алдымен шайбаны конькимен қабылдап, сосын ойын таяғыммен қақпаға қарай бағыттауды жоспарлағам. Бірақ, шайба бірден қақпаға кіріп кетті».