Нұрхан Жұмағазының RIZIN лигасындағы келесі қарсыласы анықталды
Қазақстандық файтер Нұрхан Жұмағазы RIZIN лигасындағы кезекті жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Sport+.
Оның қарсыласы 34 жастағы оңтүстіккореялық Ким Кюн Пью болмақ. Кореялық спортшының кәсіпқой мансабындағы көрсеткіші — 15 жеңіс және 5 жеңіліс.
Ал Нұрхан Жұмағазы осы уақытқа дейін 12 жекпе-жек өткізіп, 11 рет жеңіске жеткен және бір мәрте жеңілген.
Жекпе-жек 8 қарашада өтетін RIZIN турнирінде ұйымдастырылады.