Қазақстан құрамасының қорғаушысы ҚХЛ-да мерейтойлық матч өткізді

«Барыс» және Қазақстан құрамасының қорғаушысы Самат Данияр Континенталды хоккей лигасында 200-ші кездесуін өткізді, деп хабарлайды Sport+.
25 жастағы қазақстандық қорғаушының есебінде бес шайба және 18 нәтижелі пас бар.
Данияр ҚХЛ-дағы дебютін 2019/2020 маусымында жасаған.