Кирилл Герасименко Азия құрамасымен жеңіске жетті
Норвегияда үстел теннисінен Вальднер кубогы турнирі өтті, деп хабарлайды Sport+ Olympiz.kz сайтына сілтеме жасай отырып.
Оған Азия мен әлем құрамалары қатысты. Азия құрамасын Ма Лонг, Чэнь Мэн, Джанг Уджин, Лим Джонхун, Шин Юбин, сондай-ақ Маники Батра және қазақстандық Кирилл Герасименко қорғады.
Оларға Трульс Морегард, Дмитрий Овчаров, Уго Калдерано, Адриана Диас және Бернадетте Сёч қарсы өнер көрсетті.
Нәтижесінде Азия құрамасы 14:10 есебімен жеңіске жетті. Айта кетейік, Ян-Уве Вальднер - Халықаралық үстел теннисі федерациясы бойынша XX ғасырдың үздік ойыншысы, әлем чемпионы және Олимпиада ойындарының жеңімпазы.