logo

Омарханов мен Нұрланұлы 2025 жылды Аустралияда бастайды

Омарханов мен Нұрланұлы 2025 жылды Аустралияда бастайды

Жасөспірімдер арасында 18-25 қаңтар аралығында өтетін Аустралия ашық чемпионатында кімдердің бақ сынайтыны белгілі болды, деп хабарлайды Sport+ Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасай отырып.

Біздің елімізден аталмыш жарыстың негізгі бөлігіне жасөспірімдер арасында ITF рейтингісінде 16-орында тұрған Амир Омарханов пен 73-сатыдағы Заңғар Нұрланұлы қатысады.

Бұл Заңғар Нұрланұлы үшін алғашқы «Үлкен дулыға» турнирі болмақ. 

Ал Амир өткен жылы жасөспірімдер арасында Аустралия ашық чемпионатының ширек финалына дейін жетіп, ерекше серпіліс туғызған еді.



Күн шежіресі