Болат Өтемұратов: Үлкен Дулыға турнирлерінде кемінде 13 қазақстандық ойнауы тиіс
Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов Tennisworldusa.org сайтына берген сұхбатта алдағы екі жылға Отандық теннисті дамытуға арналған жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды Sport+.
«Біз Қазақстанда ATP сериясының одан әрі қарайғы турнирлерін де өткізуге мейлінше оптимистік түрғыда қараймыз. Астана мен Алматыда өткізілген ATP 250 төрт турнирінен, сондай-ақ 2022 жылы Новак Джокович, Карлос Алькарас, Даниил Медведев және Стефанос Циципас сияқты әлемнің жетекші ойыншыларының қатысуымен өткен ATP 500 турнирінен кейін біз Қазақстанда ATP 500 турнирлерін тұрақты негізде қабылдауға дайын екенімізге сенімдіміз.
АТР өкілдері мен ойыншылардың өздері де біздің турниріміздің ұйымдастырылу деңгейінің жоғары екенін атап өтуде: мысалы, биыл Almaty Open 30-дан астам көрсеткіш бойынша биылғы үздік 3 турнирдің біріне айналып, ойыншылардың жоғары бағасын алды, олардың арасында корттардың сапасы, киім ауыстыратын бөлмелердің жайлылығы, көрермендердің қолдауы, атмосфера және т. б. бар.
Біз турнир мәртебесін көтерудің екі әдісін қарастырамыз. Біріншісі — ATP 500 турниріне жаңа лицензия алу; екіншісі — біздің қазіргі АТР 250 лицензиямызды тағы бір осындай лицензия сатып алу арқылы жаңарту. Біз бұл опцияны ATP-мен талқыладық және 2023 жылы лицензиямызды жаңарту тендеріне қатыстық.
ATP ақпан және сәуір айларында нұсқаларды қарастыруға дайын болды, бірақ ақпан айында ауа райына байланысты Қазақстанда көшеде турнирлер өткізу мүмкін болмады, ал сәуір айында турнирлер күнтізбесінің ерекшелігіне байланысты ойыншыларға Еуропадан Азияға бару және Еуропаға қайта оралу қиынға соғады, сондықтан басқа елдерден келген басқа өтінімдерге артықшылық берілді. Дегенмен, біздің өтінішіміз өте мықты болды және біз болашақта ATP-500 лицензиясына негізгі үміткерлердің бірі ретінде өзімізді жайғастыра алдық.
Басқа мақсаттардың ішінен тағы да үшеуін бөліп көрсетемін: Қазақстандық жасөспірімдер „Үлкен Дулыға“ турнирлерінде 8 адам (4 бозбала мен 4 қыздан), „Үлкен Дулыға“ ересектер турнирлерінде кемінде 13 қазақстандық (5 әйел және 8 ер адам) ойнауы тиіс, сондай-ақ Қазақстанда қосымша тағы 3 теннис орталығын салу қажет», — деді Өтемұратов.