logo

Келесі олимпиада чемпионы: Британиялық сарапшы Төрехан Сабырханға баға берді

Келесі олимпиада чемпионы: Британиялық сарапшы Төрехан Сабырханға баға берді

Қазақстандық Төрехан Сабырхан Черногорияда бокстан жастар арасында өткен әлем чемпионатына дейін-ақ британиялық танымал сарапшы Тэйлор О'Хиггинстің назарына ілігіпті, деп хабарлайды Sport +.

Жас былғары қолғап шебері Будвада чемпион атанып қана қоймай, әлем біріншілігінің үздік боксшысы атағын қоса жеңіп алды. Осылайша, ол шетелдік сарапшының айтқандарын растай түскендей.

«Қазақстанның орта салмақта олимпиада чемпиондарын шығаратын «өндіріс» тарихы бар. Келесі – жеңіл салмақтағы әлем чемпионы Махмұд Сабырханның 17 жастағы інісі Төрехан Сабырхан.  Лос-Анджелес-2028 алдында назарға алатын боксшы», – деді Тейлор О'Хиггинс өзінің Х-тегі парақшасында.

Негізі Төрехан Париждегі ойындарға да қатысуы мүмкін еді, алайда ХОК олимпиадада тек 19 жастан асқан былғары қолғап шеберлеріне бақ сынауға рұқсат берген.

Айта кетейік, Будвадағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы өз тарихында алғаш рет жалпы есепте бірінші орынға ие болды. Отандық 25 боксшы қатысқан аламанда алты споршымыз жеңімпаз атанды.