logo

«Ювентустің» экс ойыншысы енді Ақтөбеде

«Ювентустің» экс ойыншысы енді Ақтөбеде

«Ақтөбе» эквадорлық орталық жартылай қорғаушы Хосе Франсискомен келісім-шартқа қол қойды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan клубтың баспасөз-қызметіне сілтеме жасай отырып.

29-жасар аяқдопшымен бір жылдық  келісім жасалған.

Хосе Франсиско «ЛДУ Кито» командасының шәкірті. Спортшы өз клубының сапында Эквадор чемпионы атанған. 2013 жылы ол итальяндық «Ювентуске» жалға берілген. Кейін өз клубына қайта оралған. 2018 жылы бельгиялық «Локеренде» ойнаған.

Сонымен қатар, Франсиско  Португалияның «Портимоненсе» және Эквадордың «Эмелеке» командаларының да ойыншысы болған. Эквадордың жастар құрамасы мен ұлттық құрамасында ойнап, жастар командасымен Оңтүстік Америка ойындарының күміс жүлдегері атанған.



Күн шежіресі