logo

Игита Өзбекстаннан жеңілгеннен кейін пікірін білдірді

Игита Өзбекстаннан жеңілгеннен кейін пікірін білдірді

Қазақстан құрамасының капитаны Игита Таразда өткен Өзбекстанға қарсы екінші жолдастық кездесу (5:6) туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Жас ұрпақты алаңда көргенім үшін өте қуаныштымын. Жастармен бірге алаңда болғаным маған ұнайды. Екі күн бұрын және бүгін олар үшін де, біз үшін де өте жақсы тәжірибе болды деп санаймын. Өзбекстан құрамасы Азияның ең үздік құрамаларының бірі және олар әлем чемпионаттарында үнемі жақсы деңгейде ойнайды,. Бүгінгі ойын өте жақсы болды деп есептеймін. Тараздағы ойындарға келіп, қолдаған жанкүйерлерге алғыс айтамын. Жеңіске жетпедік, бірақ мен жаңа буынмен бірге ойнағанымнан ләззат алдым, олар бірнеше жылдан кейін бізді алмастырады. Сондықтан бұл буынмен бірге алаңда болғаным үшін маған үлкен мақтаныш. Қазақстан футзалы жақсы жолда келе жатыр! Алға, Қазақстан!», — деді Игита.