logo

Көркем гимнастикадан Қазақстан командасы Болгарияда екі медаль жеңіп алды

Көркем гимнастикадан Қазақстан командасы Болгарияда екі медаль жеңіп алды

4-7 сәуір аралығында Болгария астанасында көркем гимнастикадан Sofia Cup халықаралық турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Топтық жаттығудан Қазақстан құрамасы көпсайыс және бес шығыршықпен жаттығу финалында өнер көрсетіп, екі күміс медаль жеңіп алды.

Болгарияда ел намысын қорғаған спортшылар:

Аружан Қалсаева, Аяулым Қадір, Баян Қойбақар, Ақсұңқар Әбдірахман, Мария Корниенко, София Ан.