logo

Өзбекстанда триатлоннан әлем кубогы өтеді

Өзбекстанда триатлоннан әлем кубогы өтеді

18-19 мамырда Өзбекстанның Самарқанд қаласында триатлоннан әлем кубогы өтеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«World Triathlon Cup Samarkand — 2024», «World Triathlon Para Cup Samarkand — 2024» әлем кубогы жарыстары әлем назарындағы жарыстардың бірі.

Өйткені бұл жарыстар спортшылардың Париж Олимпиадасына жолдама алуына тағы бір мүмкіндік. Сондықтан байқауға қызығушылық өте жоғары. Оған 300-ден астам халықаралық кәсіби спортшылар қатысады деп күтілуде.

Сонымен қатар, үстіміздегі жылдың 7-8 қыркүйегінде Өзбекстанда «Challenge Samarkand — 2024» халықаралық триатлон жарысы да өтеді.



Күн шежіресі