logo

Жарақат алған Қазақстан құрамасының дзюдошысы мамыр айында татамиге оралады

Жарақат алған Қазақстан құрамасының дзюдошысы мамыр айында татамиге оралады

Дзюдодан 60 келіге дейінгі салмақтағы Қазақстан командасы үздіктерінің бірі Мағжан Шамшадин ауыр жарақаттан соң, құрамаға қайта оралады. Бұл туралы спортшының бапкері Қален Қалиұлы айтты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan

«Мағжан өткен маусымның соңында жарақатына байланысты қатардан шығып қалды. Бәріміз үшін  өте маңызды саналатын олимпиадалық циклде бірнеше турнирден қалып қойдық. Десе де, біз үшін Мағжанның денсаулығы маңызды. Сондықтан, жарақатынан толық айыққасын ғана жарысқа қатыстыруды дұрыс деп шештік.

Қазіргі таңда Мағжанның денсаулығы жақсы. Түркияның Анталья қаласында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынындамыз. Мамыр айында Тәжікстанның Душанбе қаласында өтетін Гран-при турниріне, кейін Астанада өтетін Grand Slam турниріне қатысамыз деген жоспар бар», — деді бапкер Қален Қалиұлы.



Күн шежіресі