Әртістік жүзу: Қазақстан командасы Қытайда тарихи нәтиже тіркеп жатыр
Қытайда өтіп жатқан әртістік жүзуден әлем кубогі кезеңінде Қазақстан құрамасы екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Аралас жұптық сында Наргиза Болатова мен Эудард Ким күміс жүлдегер атанды. Олар 199.4450 ұпай жинады.
Бұл сында бірінші орынды Қытай, үшінші орынды Испания спортшылары иеленді.
Сондай-ақ, Қазақстан құрамасы техникалық бағларламадағы топтық жарыста Қытай мен Австралияға жол беріп, қола медаль жеңіп алды. Біздің құрама 208.6020 ұпай еншілеген.