logo

Идрис Умаев Қазақстан паспортын күтуде

Идрис Умаев Қазақстан паспортын күтуде

«Ақтөбе» шабуылшысы Идрис Умаев қыркүйек айында өтетін Ұлт Лигасы аясындағы Қазақстан құрамасының Норвегия және Словения матчтарына азаматтық ала алмағандықтан қатыса алмайтынын айтты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan kazfootball.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

«Паспортым бойынша әлі ешнәрсе шешілмеді. Осымен онынша рет қайталап жатқан шығармын, бірақ өз тарапымнан қолымнан келетіннің барлығын жасадым. Өзім де асыға күтіп, жақын арада алатыныма үміттенем»