Қазақстан-Норвегия матчына билеттер бір күнде сатылды
Қазақстан футбол федерациясы әлеуметтік желіде Ұлт Лигасы аясында 6 қыркүйек күні Алматы Орталық стадионында өтетін Қазақстан – Норвегия матчына қатысты хабарлама жариялады.
«Қазақстан - Норвегия матчына билеттер бір күнде толық сатылды. Барлығыңызды 6 қыркүйек Орталық стадионда күтеміз!», - жазбада.
Бұл Қазақстан құрамасы үшін Ұлт Лигасының жаңа маусымындағы алғашқы матч және Станислав Черчесов те бас бапкер ретінде алаңға бірінші рет шығады.