Гүлмарал Еркебаева күрестен Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық балуан Гүлмарал Еркебаева әйелдер күресінен Бішкекте (Қырғызстан) өтіп жатқан Азия чемпионатында жүлдегерлер қатарына енді, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Отандасымыз 76 келіге дейінгі салмақта қола медаль жеңіп алды.
Үшінші орын үшін өткен белдесуде Еркебаева Оңтүстік Корея өкілі Эн Жду Хванды 5:1 есебімен жеңді.
Айта кетейік, бүгін, 9 сәуірде Марал Тәңірбергенова (50 келіге дейін) мен Елена Шалыгина (68 келіге дейін) қола жүлдеге бір қадам жетпей қалды.