Грек-рим күресі: Нұрдәулет Қапас U23 әлем чемпионатының жұбаныш белдесуінде күреседі

Сербияның Нови-Сад қаласында күрес түрлерінен жастар арасындағы әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Алғаш болып жарыс жолына грек-рим күресінің өкілдері шықты.
63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық Нұрдәулет Қапас жұбаныш белдесуіне дейін жетті.
Жарыс барысында ол Молдова балуаны Виталий Еременкоға есе жіберген болатын. Алайда қарсыласы әлем чемпионатының финалына шыққандықтан, Қапасқа қола жүлде үшін күресуге мүмкіндік туды.
Ол үшін Нұрдәулет жұбаныш белдесуінде жеңіске жетуі қажет.