logo

Айдос Сұлтанғали әлем чемпионы атанды (видео)

Айдос Сұлтанғали әлем чемпионы атанды (видео)

Қазақстандық грек-рим күресінің шебері Айдос Сұлтанғали Хорватияның Загреб қаласында өткен әлем чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Sport+.

Ол 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірмеді.

Финалда Сұлтанғали өзбекстандық Алишер Ғаниевті 9:0 есебімен айқын жеңіп, жарысты мерзімінен бұрын аяқтады.

Айта кетейік, Айдос Сұлтанғали бұған дейін де әлем чемпионатында екі рет қола жүлдегер атанған (2018, 2022).



Күн шежіресі