Ержет Жарлықасын мен Ислам Евлоев әлем чемпионатында қола жүлде үшін күреседі. Жекпе-жектердің тікелей эфирі

2025 жылғы күрес бойынша Әлем чемпионатында қола жүлдеге таласу мүмкіндігіне ие болған қазақстандықтар Ержет Жарлықасын (63 келі) мен Ислам Евлоев (87 келі) өнер көрсетеді.
Загребте өтіп жатқан Әлем чемпионатының соңғы күнінде қазақстандық спортшылар қола медаль үшін күресуге мүмкіндік беретін жұбаныш белдесулеріне қатысады.
Жұбаныш белдесулері сағат 19:30–да басталады.
Ержет Жарлықасынның қарсыласы — украиналық Олександр Гришин. Ал Ислам Евлоевтің қарсыласы кейінірек белгілі болады.
Тікелей эфирді sportplustv.kz сайтынан көруге болады.