Головкинді жаттықтырған бапкерлер Қазақстанға келді
Қазақстандық танымал кәсіпқой боксшы, қазіргі ҰОК басшысы Геннадий Головкиннің физикалық даярлығына көмектескен мамандар Кристофер мен Дарио Камачолар Қазақстанға келді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Америкалық білікті мамандар Алматы тауларында жүрген суреттерін әлеуметтік желіде бөлісті. Одан қалды Геннадийдың егізі Максиммен де кездесіп үлгерген.
Спорт комментаторы Уәлихан Қосанбайдың айтуынша, олар бұдан былай бокстан Қазақстан құрамасының физикалық дайындығына жауапты.
Камачо Головкиннен бөлек отандық бірқатар боксшымен жұмыс істеген. Олардың қатарында Али Ахмедов, Садриддин Ахмедов секілді саңлақтарымыз бар.
Сонымен қатар UFC спортшылары Хабиб Нурмагомедов, Кейн Веласкес, Даниэль Кормье, Люк Рокхолд пен Брэндон Адамс секілді мықтыларға көмектескен.