logo

Гюндоган «Манчестер Ситиге» қайта оралды

Гюндоган «Манчестер Ситиге» қайта оралды

Орталық жартылай қорғаушы Илкай Гюндоган «Манчестер Сити» клубына қайта оралды. Тараптар бір жылдық келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Бұған дейін 33 жастағы неміс футболшысы «Барселона» клубынан еркін агент ретінде кеткен болатын.

Гюндоган «Манчестер Сити» сапында 2016 жылдан 2023 жылға дейін ойнаған. Ол клуб құрамында Англияның бес дүркін чемпионы атанды, 4 рет Англия лигасының Кубогын, екі рет Англия Кубогы мен Суперкубогын және бір рет Чемпиондар Лигасын жеңіп алған.