«Ливерпуль» 2024 жылы бірде-бір ойыншы сатып алмады
Қазіргі уақытта «Ливерпуль» 2024 жылы бірде-бір футболшы сатып алмаған, Еуропаның 132 командасынан тұратын жетекші жеті чемпионаттағы жалғыз клуб болып табылады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Ағылшын клубы соңғы сатып алуларын 2023 жылдың жазында жасады, сол кезде командаға Доминик Собослаи, Алексис Мак Аллистер, Райан Гравенберх және Ватару Эндо қосылды.
АПЛ-дың 1-турындағы «Ливерпульдің» алғашқы матчы 17 тамызда «Ипсвич Таунға» қарсы өтеді.