Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының жетінші туры басталады
Бүгін, 4 мамырда жетінші турдың бес ойыны өткізіледі, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Алдымен 14:00–де «Қызылжар» (Петропавл) мен «Тұран» (Түркістан), «Жеңіс» (Астана) мен «Елімай» (Семей) шеберлік байқасады.
Ал 16:30-дa «Қайрат» (Алматы) мен «Атырау», «Тобыл» (Қостанай) мен «Жетісу» (Талдықорған) ойнаса, 19.00-де «Ақтөбе» мен «Астана» жасыл алаңға шығады.
Аталған турды 5 мамырда 19:00-де «Шахтер» (Қарағанды) мен «Қайсар» (Қызылорда) түйіндейді.
Айта кетсек, алты турдан кейін 10 ұпаймен «Ақтөбе», «Астана» мен «Жетісу» көш басында келеді.