logo

Феди Бен Чоуг: Қазақстан чемпионатының деңгейі таң қалдырды, мұнда жақсы командалар бар

Феди Бен Чоуг: Қазақстан чемпионатының деңгейі таң қалдырды, мұнда жақсы командалар бар

«Тұранның» жартылай қорғаушысы Феди Бен Чоуг Sport Plus Qazaqstan сайтына берген сұхбатында түркістандық клубқа ауысқаны, өзінің африкадағы мансабы және алдағы «Қызылжарға» қарсы ойын туралы айтып берді.

– Феди, «Астанамен» ойын қалай өтті? Көрсетілген қызыл қағазбен келісесің бе?

– Мен барлық ойынды алаңда өткізгім келген еді, командаға көмектесу үшін және команда он адаммен қалмағанда, басқаша өтуі мүмкін деп ойлаймын. Бірақ, өкінішке орай, төреші басқаша шешім қабылдады. Мен оны (Исламбек Қуатты – ред.) алдамақ болған жоқпын немесе зиян келтіргім келген жоқ, бірақ не істеуге болады, бұл футбол, осындай ережелер, оны қабылдау керек.

– Келесі ойында «Тұран» «Қызылжармен» кездеседі, бірақ сен қатыса алмайсын. Жалпы ойыннан не күтесін?

– Командамыз жеңіске жетеді деп үміттенемін, себебі бұл біз үшін маңызды матч болмақ, сондықтан менің жүрегім әрдайым командамен бірге.

– Өз мансабыңның көп бөлігін Африкада өткіздің. Неге Қазақстаннан ұсынысты таңдадың?

– Иә, мансабымның көп бөлігін Африкада өткіздім, маған сонда өте ұнады және көп нәрсені үйрендім, бірақ енді мен жаңа тәжірибе алғым келеді, Қазақстан чемпионатында өз мүмкіндіктерімді көрсеткім келеді. «Тұран» мені өте жылы қарсы алды.

– Трансферден кейін чемпионат деңгейі туралы не айта аласың?

– Шын мәнінде, мен чемпионат деңгейіне таң қалдым, мұнда жақсы командалар және тамаша жағдай ұсынылған. Мен өте ризамын.

Феди Бен Чоуг: Қазақстан чемпионатының деңгейі таң қалдырды, мұнда жақсы командалар бар

– Қазақстан, нақтырақ айтқанда Шымкент пен Түркістан жайлы не айта аласың?

– Мен өте әдемі ел және мен үлкен қалада тұрамын, шын мәнінде маған мұнда ұнайды, дегенімен әлі бәрін толық көрген жоқпын. Бірақ қазіргі тұрған жерім шынымен ұнайды.

– «Тұран» маусым басталарға бір ай қалғанда ғана құрамын жинады. Футболшылар алаңда бір-бірін жақсы түсінеді ме?

– Командада бәрі жақсы, біз бір-бірімізді жақсы түсініп, жақсы атмосфераны құрдық және күн сайын ынтымақтастықты жақсартып келе жатырмыз.

– Шындығында, жеңілістерге қарамастан команда турнир кестесінің жоғарғы бөлігіндегі клубтарға қарсы жақсы ойын көрсетуде. Сенің ойынша, осы ойындарда жеңіске жету үшін не жетіспеді?

– Біз үздік командаларға қарсы өте жақсы матчтар өткіздік және бірнеше ойында жеңіске жете алар едік, бірақ жол болмады. Бапкердің нұсқауларымен біз жақсарамыз және осындай жағдайларда ойындарда жақсы әрекет ете аламыз деп үміттенемін.

Феди Бен Чоуг: Қазақстан чемпионатының деңгейі таң қалдырды, мұнда жақсы командалар бар

– Ринат Алюетов - жергілікті жас мамандардың бірі? Бұл маман туралы не айта аласың?

– Бас бапкер әрқашан бізбен бірге, ол бізді қолдайды, команда жақсарып келе жатқанын көреді және оның бізбен бірге екеніне өте қуаныштымын.

– «Тұран» маусым аяғына дейінгі мақсаттарымен бөлісе аласың ба?

– Біз мүмкіндігінше турнир кестесінде жоғарырақ көтерілуге және көп ойындарды ұтуға тырысамыз.