«Жетісу» бас бапкері «Ақтөбені» жеңгені жайлы толық айтып берді
«Жетісу» бас бапкері Қайрат Нұрдәулетов Olimpbet QFL Премьер-лиганың алтыншы турындағы «Ақтөбе» (2:1) командасымен өткен матч туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Біз мұндай ауыр ойынға дайындалдық. «Ақтөбенің» күшін, олардың әлсіз және күшті жақтарын, қалай ойнау керектігін білеміз. Ең алдымен жігіттерге алғыс айтамын – олар ойын жоспарын толық орындады. Сондай-ақ жанкүйерлерге, олар керемет атмосфера жасады. Талдықорғандағы барлық футбол жанашырларына рахмет. Жеңістер әлі алда, бұл чемпионаттың басы ғана. Бізге әрі қарай жылжу, өсу, даму керек. «Шахтермен» ойыннан кейін айтқандай, бір күн демалып, «Тобылмен» ойынға дайындала бастаймыз.