Футболдан Қазақстан чемпионатының жетінші турында «Елімай» «Жеңісті» ұтты
QFL-Olimpbet Қазақстан чемпионатының жетінші туры аясында «Жеңіс» өз алаңында «Елімайды» қабылдады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Бірінші таймнан-ақ Абай Жүнісовтың қызыл қағаз алуына байланысты астаналық команда құрамы кеміді. Дегенмен қақпаға гол салынған жоқ.
61-минутта Квентин Корнетт есеп ашып, «Елімай» алға шықты. 77-минутта Юрий Перцух есеп айырмасын екі голға жеткізді.
Қосымша уақытта Ильяса Зульфиу есеп айырмасын қысқартып, есепті 1:2-ге жеткізді.
«Жеңіс» жеті турдан кейін турнир кестесінде 11-орынға ие болса, «Елімай» осы жеңістің нәтижесінде 1-орынға шықты.