logo

Қақпашы Темірлан Анарбеков: Бүгін бапкерлер берген жоспар арқасында жеңіске қол жеткіздік

Қақпашы Темірлан Анарбеков: Бүгін бапкерлер берген жоспар арқасында жеңіске қол жеткіздік

Елордалық «Жеңіс» қақпашысы Темірлан Анарбеков Sport Plus Qazaqstan телеарнасына берген сұхбатында команданың «Тұранға» қарсы жеңісі туралы пікір бөлісті.

«Бүгін «Тұранды» бапкерлер берген жоспар арқасында жеңдік. Барлық жанкүйерлерімізді көптен күткен жеңісімен құттықтағым келеді. Ұжымға қосылу маған қиын болды ма? Басында жаттығуда қиын болды, бірақ мен барлық бөлшектерді ұғып, біртіндеп негізгі құрамға түсе алдым», — деді Анарбеков.

Olimpbet QFL Премьер-лигасының бесінші тур матчында «Жеңіс» «Тұранды» минималды 1:0 есебімен жеңді. Бұл жеңіс елордалық командаға турнир кестесінде 8-орынға көтерілуге мүмкіндік берді. Анарбеков голдан қақпаны аман сақтап, командаға қажетті үш ұпайға қол жеткізуге көмектесті.



Күн шежіресі