Париждегі Олимпиадаға арналған жеңіл атлетика жолақтарының түсі өзгереді
Париждегі Олимпиадада жеңіл атлетика жолақтары тұңғыш рет күлгін түске боялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Бұған дейін олар терракот реңкінде болған.
Осындай типтегі жолды «Стад де Франс» негізгі стадионына орнатады. Онда жеңіл атлетика бойынша 48 жарыстың 46-ы өтеді. Спорттық жабын Италияда вулканизацияланған резинадан жасалған. Ол әлдеқайда берік және серпімді.
Сондай-ақ, өндірушілердің айтуынша, материал экологиялық таза – оның құрамында қайта өңделген материалдар бар. Күлгін түс Олимпиада ойындарының пиктограммасына сәйкес таңдалған.